• Басты бет
  • Басқарма туралы
    • Ереже
    • Басшылық
    • Байланыстар
    • Экономика
  • Нәтижелі жұмыспен
    қамтуды және жаппай
    кәсіпкерлікті дамытудың
    бағдарламасы
    • Бағдарламаны іске асыру
    • Сәтті мысалдар
    • Нормативтік-құқықтық база
    • Халықты жұмыспен қамту орталықтары
    • ЖҚ2020ЖК
      • ЖҚЖК іске асыру
      • Сәтті мысалдар
  • Халықты әлеуметтік қорғау
    • Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау
    • Мүгедектер мен ардагерлерді қолдау
    • Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қолдау
    • ӨРЛЕУ
    • Қамқорлық
  • Жұмысқа орналастыру
    • Павлодар облысы бойынша бос жұмыс орындары
    • халықты жұмыспен қамту картасы
    • Кәсіптік оқыту
  • Виртуальдық қабылдау бөлмесі
  • Қаз
  • Рус
Герб РК Герб Павлодарской области Логотип управления ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ
  • Басты бет
  • Басқарма туралы
    • Ереже
    • Басшылық
    • Байланыстар
    • Экономика
  • Нәтижелі жұмыспен
    қамтуды және жаппай
    кәсіпкерлікті дамытудың
    бағдарламасы
    • Бағдарламаны іске асыру
    • Сәтті мысалдар
    • Нормативтік-құқықтық база
    • Халықты жұмыспен қамту орталықтары
    • ЖҚ2020ЖК
      • ЖҚЖК іске асыру
      • Сәтті мысалдар
  • Халықты әлеуметтік қорғау
    • Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау
    • Мүгедектер мен ардагерлерді қолдау
    • Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қолдау
    • ӨРЛЕУ
    • Қамқорлық
  • Жұмысқа орналастыру
    • Павлодар облысы бойынша бос жұмыс орындары
    • халықты жұмыспен қамту картасы
    • Кәсіптік оқыту
  • Виртуальдық қабылдау бөлмесі

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекеттiк рәмiздер






Ақпарат

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Мемлекеттік қызмет
    • Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат
    • Мемлекеттік қызмет туралы заңнама
    • Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізімі
    • Тестілеу бағдарламалары
  • Мемлекеттік қызметтер
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары
    • Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобалары
    • Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері
    • Мемлекеттік қызметтердің төлқұжаттары
    • Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есептер
    • Бизнес-процестерінің анықтамасы
    • Кеңес алуға арналған байланыс деректері
    • Бұқаралық талқылау
  • “Облыстық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі” КММ
  • Павлодар облысының бос орындары
  • Оралмандарды бейімдеу туралы
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметі
    • «Шалдай психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ертіс арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Ардагерлер үйі” қарттар мен мүгедектерді оңалтудың облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ
    • «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету облыстық психоневрологиялық орталығы» КММ
    • «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Шарбақты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • Өзекті ақпарат
  • Қалалар, аудандар
    • Халықты жұмыспен қамту орталықтары
    • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
      • Халықты әлеуметтік қорғау
  • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Инфографика
    • Халықты жұмыспен қамту
    • Халық көші — қоны
  • Астананың 20 жылдығы
  • Павлодар облысының 80-жылдығы
  • Арнайы бөлім

Жарияланымдар күнтізбесі

Сәуір (2018)
M T W T F S S
« Mar    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Жол жүру сұлбасы

Ресми ресурстарға сілтемелер

Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image


КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ

Қайырымдылық шеңберінде.

Доктор Онипконың өңірлік ортопедиялық-травмотологиялық орталығы «Грация» клиникасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде қайырымдылық акциясын өткізуде: 3 – 14 жас аралығындағы тірек-қимыл аппаратының, сал ауруы бар мүгедек балаларға он күндік стационарлық емдеу көрсетеді. Кешенді ем шараларына анализдердің, мамандардың жеке қарау есебімен массаж, физиологиялық емдеу, АЛМА, инфрақызыл сауна, самырсын бөшкесі, омыртқа созу және басқа да қажетті процедуралар кіреді. Бұл акция шеңберінде бала және онымен бірге жүретін адам он күн бойы ем алады. 2017 жылы осындай көмек тұрақты негізінде көрсетілетін болады.

1355161605_tmp18-7-2008-11-5-22
 

Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі (21 қараша мен 15 желтоқсан аралығындағы оқиғалардың күн тәртібі)

21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған 25 тақырыптық күн өтеді. "Қазақстан Республикасының Конституциясы" (21 қараша) Күннің іс-шаралары Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Ата заңның тарихи маңызын кеңінен паш етуге арналады. "Мемлекеттік рәміздер" (22 қараша) Күннің іс-шаралары егемендіктің мызғымас негіздерінің бірі - мемлекеттік рәміздерге арналады. "Мемлекеттік шекара" (23 қараша) Күннің іс-шаралары мемлекеттілік пен егемендіктің маңызды белгісі ретінде мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу процесін көрсетеді. "Мемлекеттік тіл" (24 қараша) Күннің іс-шаралары Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын кеңінен насихаттауға және Мемлекет басшысының "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет" Ұлт жоспарында ұсынылған үш тілде білім беру саясатын ілгерілетуге арналады. "Жаһандық бастамалар" (25 қараша) Күннің іс-шаралары Қазақстанның бітімгершілік және жаһандық бастамаларын насихаттауға арналады. "Азаматтық қоғам" (26 қараша) Күннің іс-шаралары азаматтық қоғамның басты институттары: БАҚ-тың, үкіметтік емес ұйымдардың, Омбудсмен институты мен Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның серпінді дамуы мен олардың Қазақстанды әлеуметтік жаңғыртудағы ролін көрсетеді. "Бірегейлік және бірлік" (27 қараша) Күннің іс-шаралары "Мәңгілік Елдің" түйінді құндылықтарына - бейбітшілікке, келісімге, патриотизмге, бірлікке арналады. Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше назар аударылады. "Ұлттық валюта" (28 қараша) Күннің іс-шаралары Қазақстанның басты атрибуты - ұлттық валюта теңгеге арналады. "Ядролық қарусыз әлем" (29 қараша) Күннің іс-шаралары Мемлекет басшысының әлемдік тарихтағы теңдесі жоқ шешіміне - ядролық қарудан бас тартуына және Семей ядролық полигонының жабылуына арналады. Қазақстанның ядролық қарусыз әлемді орнату, "Атом" жобасы жөніндегі бастамаларына ерекше назар бөлінеді. "Ғылым мен жаңа технологиялар" (30 қараша) Күннің іс-шаралары Қазақстанның ғылыми-инновациялық саладағы жетістіктеріне, мемлекеттің ғылымды қажет ететін экономиканы құру саласындағы басымдықтарына арналады. "Қазақстан Республикасының Президенті институты" (1 желтоқсан) Күннің іс-шаралары мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады. "Отбасылық құндылықтар" (2 желтоқсан) Күннің іс-шаралары мемлекеттің мызғымас тірегі ретінде отбасы институтын және дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға арналады. "Ұлт саулығы" (3 желтоқсан) Күннің іс-шаралары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы түйінді жетістіктерін айшықтауға бағытталған. "Спорт жетістіктері" (4 желтоқсан) Күннің іс-шаралары Қазақстанның спортшы ел ретіндегі жетістіктерін, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналады. "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы" (5 желтоқсан) Күннің іс-шаралары Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеяларын ілгерілетуге арналады. "Мәдениет және руханият" (6 желтоқсан) Күннің іс-шаралары халықтың тарихи жадының негізі және Тәуелсіздіктің рухани құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның мәдени мұрасының құндылықтарына арналады. "Нұрлы жол" (7 желтоқсан) Күннің іс-шаралары "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналады. "Нұрлы Болашақ" (8 желтоқсан) Күннің іс-шаралары Тәуелсіздікті нығайтудағы және болашақ Қазақстанның табысты дамуындағы жастардың рөлін көрсетуге бағытталған. Мемлекет басшысының ұлтымыздың зиялы қауымын қалыптастырудың өзегі болып табылатын "Болашақ" бағдарламасына және "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты қызметіне ерекше назар аударылады. "Білім" (9 желтоқсан) Күннің іс-шаралары білім саласына енгізіліп жатқан, "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет" Ұлт жоспарында белгіленген жаңа әдістерді насихаттауға және Тәуелсіздік жылдарындағы білім саласының жетістіктерін көрсетуге бағытталады. "Әлеуметтік жаңғыру" (10 желтоқсан) Күннің іс-шаралары мемлекеттік, әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру нәтижелерін жария етуге арналған. "ЭКСПО "жасыл" технологиялары" (11 желтоқсан) Күннің іс-шаралары "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне арналған. "Индустрияландыру" (12 желтоқсан) Күннің іс-шаралары Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын насихаттауға және "Ұлттық чемпиондар" бастамасын жүзеге асыруға арналған. "Қуатты Қазақстан - қуатты өңірлер" (13 желтоқсан) Күннің іс-шаралары Қазақстан өңірлерінің негізгі жетістіктерін насихаттауға және ілгерілетуге арналады. "Астана" (14 желтоқсан) Күннің іс-шаралары тәуелсіз Қазақстанның басты рәмізі және жасампаздықтың күш-қуаты ретінде барша қазақстандықтардың табысты болашағына деген үміті мен сенімін білдіретін елорда Астанаға арналады. "Мәңгілік Елдің" мәңгілік құндылықтары" (15 желтоқсан) Күннің іс-шаралары "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарына арналады. Астана қаласында 15-16 желтоқсанда өтетін салтанатты іс-шаралар Бұл күндері Қазақстанның елордасында елдің қалыптасуына, оның Тәуелсіздігінің нығаюына ерекше үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен, мерейтой медальдарымен марапаттау рәсімі өткізіледі. Оқиғаның өзегі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін салтанатты жиналыс пен концерт болады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «Қазақ халқының бейматериалдық мәдени мұрасы» атты фотокөрмесі бойынша баспасөз баяны

2016 жылдың 18 қазан күні сағат 15.30-да Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «Қазақ халқының бейматериалдық мәдени мұрасы» атты фотокөрмесі өткізіледі. Қазақстанның бейматериалдық мәдени мұрасы, ұлттың негізін құрап, ұрпақтан- ұрпаққа келе жатқан  рухани байланысты бекітеді. Қазақстанның бейматериалдық мәдени мұрасы ерте заманнан қалыптасқан, сонымен қатар қазақ елінің дүниетанымын жан-жақты жетілдіреді. Фотокөрменің негізгі мазмұны - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, сәндік - қолданбалы өнері, халық ауыз әдебиеті, музыка жанры, ұлттық ойындар және спрот ойындарының сан алуан түрлерін қамтыған. Экспозицияда ұсынылған жұмыстар қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәтүрлерін айқын көрсетеді. Ол  ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлеріміз: «шілдехана», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «тілашар», «жас жұбайларға бата беру». Фотосуреттердің басым бөлігі қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнеріне арналған – күнделікті үй тұрмысында, киіз үй жабдықтарында және өзіне тән ұлттық ою-өрнекпен әшекейленген эстетикалық мәні бар заттар (ши  тоқыма, текемет кілемдер, түскиіз, құрақ көрпе). Қазақтың  халық ауыз әдебиеті және музыка  өнері эпикалық, тарихи, тұрмыстық және ертегі тақырыптарында сансыз туындылардың түрлері бар. Атадан балаға келе жатқан суырып салма ақындар мен жыраулардың ауызекі сөйлеу өнеріне арналған суреттер экспозицияның басты бөлімі болып табылады. Экспозицияға 30 - ға жуық фотосурет қойылған. Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2016 жылдың қараша айының ортасына дейін тамашалай алады. 
 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік музейлер арасында байқаудың баспасөз баяны

ҚР Ұлттық Музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік музейлер, музейлер-қорықтар арасында «үздік» атағына байқау өткізеді. Байқаудың өткізу уақыты 2016 жылғы 1 қыркүйек пен 20 қазан аралығы. Байқаудың құрылтайшысы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.   Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік музейлердің және музей қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру және жетілдіру.   Байқаудың міндеттері: - Музей қызметі саласындағы шығармашылық және инновациялық бастамаларға қолду көрсету; - Қазақстанның мемлекеттік музейлерінің елдің әлеуметтік және мәдени дамуындағы рөлі мен орнын арттыру; - Мемлекеттік музейлер қорларындағы мәдени құндылықтарды сақтауға және насихаттауға жалпы жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару; - Мемлекеттік музейлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; - Музей қызметкерлері, Мемлекеттік музейлер арасыедағы мәдени байланыстарды нығайту; - Музей ісі саласындағы үздік жетістіктерді тарату.
 

«Тәуелсіздік жылдарындағы жастар поэзиясы» тақырыбына онлайн-кездесу

2016 жылғы 25 қазан күні сағат 15.00-де С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Павлодар облыстық кітапханасының «Өркен» поэзиялық клубына мүше жас ақындардың Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Абай атындағы кітапханасының поэзиялық клубына мүше жас ақындардың «Тәуелсіздік жылдарындағы жастар поэзиясы» тақырыбына онлайн-кездесуі өтеді. Аталмыш іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың еліміздің тарихына және қазіргі дамуына деген қызығушылығын арттыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, жас дарындарды қолдау. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана жанындағы «Өркен» жас ақындар клубының басшысы - ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты, «Жүрегі жырдан жаралған» республикалық байқауының  жүлдегері Оралхан Айбек. Кеш қонақтары болатын павлодарлық әдебиетшілер: Арман Қани, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының директоры; Асығат Тұрғанбеков, ақын, облыстық айтыстардың қатысушысы; Қуанышбек Шарманов, республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы, Иса Байзақов атындағы республикалық айтыстың жеңімпазы, «Сиялы сыр» жыр жинағының авторы; танымал ақындар Жарқынбек Амантай, Өзгеріс Қуанар және басқалары. Семейлік ақындар: Молдабеков Серік, Серік Қуанған, Ахмеров Біржан және басқалары. Биылғы жылғы қарашада Өскеменнің жас ақындарымен де осындай онлайн-кездесулер өтеді.
   

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

 

Тамыз – Жаһандық бастамалар. Қазақстан- бітімгер.

1-7 8-14

15-21

·         «Семей полигон құрбандарын еске алу күніне арналған «Ядролық жарыстар жаңғырығы» әңгіме-талқылау (БК №8, 40 адам)·         Білім беру мекемелерінде «Мектепке жол»  республикалық науқанының басталуы (200 адам) ·         Ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған  «Абайдың ұлы мирасы» поэзия мерекесі (БК №8, 40 адам) «М.Ғ.Айтқожинаның уақытқа бағынғыссыз әдебиеті 80-жас» кітап көрмесі (Ленин кенті, 20 адам)·         Майра көш. бойынша жолдың күрделі жөндеуінен кейінгі салтанатты ашылуы (Усолка шағын ауданы, 100 адам) ·         Бүкіләлемдік жастар күніне арналған «Жастар бүкіл әлемде бейбітшілік үшін!» тақырыбындағы дөңгелек үстел

22-28

29-4

·         Конституция Күнін мерекелеуге арналған іс-шара (Естай атын. КМС)·         ҚР Конституция күніне арналған «Еліміздің басты заңы» тарих сағаты (БК №8, 45 адам)·         Спорттық алаңды орнату (1 Май көш.,270, 100 адам)·         «Павлодар нивасы» ЖШС элеваторын іске қосу (Солтүстік өнерк.аймақ, 50 адам) ·         Жас ақындар айтысы (ЖҚО, 200 адам) ·         «АТА ЗАҢ-АЛТЫН ҚАЗЫҚ» мерекелік бағдарламасы (Төменгі жағажай, 5000 адам)·         Ерлі-зайыпты жұптар арасындағы «Мерейлі отбасы» конкурсы (Мойылды а., 30 адам)·         «Отбасы – бақыт негізі» тақырыптық сөре (Жетекші а., 40 адам)·         Майра көш., 39/1 бойынша тұрғын үй кілттерін салтанатты табыс ету (Усолка шағын ауданы, 150 адам) ·         «Жасыл ел» жаздық еңбек семестрінің жабылу салтанаты (Гагарин атын. саябақ, 100 адам) ·         Жергілікті тауарды өндірушілердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, халықтық қыдыру (2500 адам) ·         Қаланың барлық білім беру мекмелерінде Конституция күніне арналған интерактивті сабақ (130 адам) ·         ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған спорттық дуатлон (400 адам)
 

Қыркүйек – Еңбек, отбасы, саулық

5-11 12-18

19-25

·         Білім беру мекемелерінде оқитындардың ата-аналары үшін «Қазіргі заманғы отбасы негізі» дөңгелек үстелі·         Ерлі-зайыпты жұптар арасындағы «Мерейлі отбасы» конкурсы (Мойылды а., 30 адам)·         «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» тақырыптық сөресі (Жетекші а., 20 адам)·         «Ресей-Қазақстан» Кубогына велоспорт бойынша ардагерлердің шеңберлік жарысы (Әуежайдағы автотрасса, Естай атын. ҚМС, 60-70  адам) ·         ҚазССР еңбегі сіңген ұстазы К.А. Мақпалееваның сыйлығына оқушылар арасында футбол бойынша қалалық турнирі (Орта мектептер спорт алаңдары, 60-70 адам) ·         Халықаралық отбасы күніне арналған «Мейрімділік бастаулары» мерекелік концерті. ( «Самал» Балалар сауықтыру орталығы) ·         Халықаралық отбасы күніне арналған«Отбасылық құндылықтар» -Қалалық бос уақыт орталығының шығармашылық ұжымдарының мерекелік бағдарламасы. («Ардагерлерүйі»соғыс және еңбек ардагерлері үшін емдеу-сауықтыру орны) Оқушылар арасында ашық қалалық «Алтын күз» туристік көпсайыстар бойынша(Ертіс ө. алқабы, 30-40  адам) ·         ПОДА мүгедектері арасында қалалық спартакиада бағдарламасында стритбол бойынша қалалық турнир (Қалалық бақ, 15-20  адам) ·         Халықаралық отбасы күніне арналған «Сүйіспеншілік пен бақыт рақаты» - Қалалық бос уақыт орталығының шығармашылық ұжымдарының мерекелік бағдарламасы. («Денсаулық емдеу-сауықтыру орны) ·         Медициналық мекемелерде қалалық спартакиада бағдарламасында кіші-футбол бойынша қалалық турнир (Медициналық колледж, 60-70  адам) ·         Білім беру мекемелерінде оқитындардың ата-аналары үшін жалпы жиналыс «Қазіргі заманғы отбасы негізі» ·         «Павлодар картобы– 2016» III өңіраралық ауылшаруашылық жәрмеңкесі (2000 адам ·         Жас отбасылар арасындағы «Жас отбасы-2016» конкурсы·         Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы бала көзімен» суреттер конкурсы (БК №8, 55 адам)·         Қаланың білім беру мекемелерінде сынып сағаттары «Традиции моей семьи» (10000 адам)·         Әлеуметтік желілерде ең үздік сурет конкурсы «Менің отбасым – менің байлығым» (20 000 адам) ·         «Спорт есірткіге қарсы» грек-рим күресі бойынша қала чемпионаты (күрес залы, (15-20  адам) ·         Жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің қалалық спартакиадағы бағдарламасында шахмат бойынша қалалық турнирі (БЖСМ № 3,  30-40  адам) ·         ЖОО студенттері мен өндірістік ұжымдарының қалалық спартакиада бағдарламасында Президент миля  бойынша қалалық турнирі (Орталық жағажай 30-40 адам) ·         Қаланың ауыл аймағында қалалық спартакиада бағдарламасында үстел теннисі  бойынша қалалық турнир («Баянтау» СК 10-14 адам) ·         Рухани келісім күніне арналған «Руханилық – бейбітшілік пен келісім жолы» әңгіме (БК №1, 30 адам)·         Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын мерекелеу аясында «Адам еңбегімен  атақты» ауыл шаруашылық жұмыскерлеріне құрмет көрсету (ауыл аймақтар, 300 адам)·         Қарттар күніне арналған «Қамқорлық» айлығы·         «Білім» -білім беру, мәдениетке, тілдерге арналған әдеби оқулар, конференциялар, ҚР тілдер күніне арналған әдебиет пен өнер қайраткерлерінің мерейлік күндер конкурстар кезеңі («Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығы» МҚКК) ·         Рухани келісім күніне арналған еске алу «Руханият» тақырыптық бағдарлама ·         Рухани келісім - Тақырыптық кинокөрсетілім. («Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығы» МҚКК мүгедектермен жұмыс жөніндегі МҮ) ·         Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Ана тілім- ардағым» концерттік бағдарламасы(«Колос» БМОО) ·         «Тіл – елдіктің айнасы» қарауы, шолу (Қазақстан халқының тілдер күніне орай) –(Орталық қалалық кітапхана) «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша қызықты оқу сағаты (Павлодар қ. Көпшілік кітапханасы № 3) ·         «Мемлекеттік тіл – ұлттың ұйытқысы» ақпарат күні (тілдер күніне арналған) (Кенжекөл а.Көпшілік кітапханасы) ·         «Толғауы тоқсан қызыл тіл» әңгіме-диалог (Павлодар қ. Көпшілік кітапханасы № 10) ·         Жеңіл атлетика бойынша ардагерлер арасында қаланың ашық чемпионаты (Орталық Стадион, 15-20  адам) ·         Смирновтардың рухына бағышталған гір спорты мен  қол күрес бойынша ашық қалалық турнир («Қайсар» БЖК, 20-25 адам) ·         Бүкіләлемдік туризм күніне арналған «Әке, ана,мен – туристік отбасы» («Ертіс» б. 60-70 адам) ·         Каратэ-до Шотокан бойынша қаланың ашық кубогы(Орта мектептер спортзалдары, 30-40 адам)

26-2

·         «Дипломмен ауылға!» республикалық бағдарлама қатысушыларымен студент жастардың кездесуі·         Еңбек күніне арналған жас мамандар арасында «Үздік маман» конкурсы  (Колос, 100 адам) «Бақытты отбасы – бақытты ел» ақпарат күні (қала кітапханасы, 1000 адам)·         В.Н. Чеботаревтың рухына бағышталған 2002-03т.ж. оқушылар арасында кіші-футбол бойынша ашық қалалық турнир, (Қаланың спорт алаңдары, 15-20  адам)·         «25 адал іс» жобасы аясында «Жастар – Отанға!» науқаны (жалғыз тұрып жатқан ардагерлер мен тыл жұмыскерлеріне бір күн ішінде көмек көрсету, 10 адам) ·         Педогогикалық еңбек ардагерлерін шақырумен «Сенің есімін – ҰСТАЗ!»  дөңгелек үстелдер (Павлодар қ. мектептері) ·         «Менің алғашқы ұстазым!» шығармалар конкурсы (Павлодар қ. метептері) (5-9 сыныптар) ·         «Әрбір жас ұзаққа созылсын» даналық күні (Павлодар қ. № 12 көпшілік кітапханасы, сағат 14.00) ·         «Ұстазым,  менің ұстазым...» мерекелік концерті(Павлодар қ. барлық мектептерінде) ·         Дзюдо бойынша 1998-99 т.ж. кіші ұлдар арасында қаланың ашық біріншілігі («Батыр»СК, 60-70  адам) ·         Өндіріс ұжымдарының қалалық спартакиада бағдарламасында кіші-футбол бойынша қалалық турнир (Қаланың спорталаңдары, 30-40  адам) ·         ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақ күресі» бойынша аула клубтары арасында қалалық турнир («Сұңқар» БЖК, 15-20  адам)
 

Қазан - Мәңгілік мұра

3-9 10-16

17-23

·         ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ( «Колос» БМОО, 100 адам)·         ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында ұстаздар күніне арналған мұғалімдерге құрмет көрсету мен салтанатты іс-шара·         «Дін. Отанды сүю және ынтымақ пен бірлік» тақырыбында дөңгелек үстел (Мойылды а., 35 адам)·         ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақ күресі» бойынша аула клубтары арасында қалалық турнир («Сұңқар» БЖК, 60 адам) ·         «Черноярлық інжу-маржандар» базасында Павлодар ауылының еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету (Павлодар а., 20 адам) ·         Маунтинбайк бойынша қаланың ашық біріншілігі («Ертіс» шаңғы базасы 20-25  адам) ·         «Үлкенге құрмет» қонақжай кеші – «Бүгін қарттарды даңқтаймыз»от ырыс-кештері(Жетекші а. Көпшілік кітапханасы) ·         А. Клопковтың рухына бағышталған 2003-04т.ж. оқушылар арасында кіші-футбол бойынша қала біріншілігі ( орта мектептер спорталаңдары, 60-70  адам) ·         Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара («Колос» БМОО) ·         «Забота» бағдарламасы аясында ардагерлер мен зейнеткерлер үшін «Кино-рэтро» қайырымдылық киносеанстары («Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығы» МҚКК мүгедектермен жұмыс жөніндегі МҮ) ·         Қаланың жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің қалалық спартакиадабағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша қалалық турнирі (БЖСМ № 3, 60-70 адам) ·         Медициналық мекемелер арасында қалалық спартакиада бағдарламасында үстел теннисі бойынша қалалық турнир (Медициналық колледж спортзалы,  30-40  адам) ·         Ардагерлер (мырзалар) арасында шахмат бойынша ашық қалалық турнир (БЖСМ № 3, 15-20  адам) ·         Қаланың ауыл аймағындақалалық спартакиада бағдарламасында Президенттік миля  бойынша қалалық турнирі Кенжекөл а., 60-70  адам) ·         Маусымның жабылу жүгірісі («Ертіс» б., 30-40  адам) ·         Рухани келісім күніне арналған «Бірге өмір сүру өнері» (БК №2, 30 адам) «Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы» тақырыбындағы семинар (ОКЖ, 50 адам)·         Халықтың салт-дәстүрін сақтау мақсатында қалалық тоғызқұмалақ турнирі (БЖСМ № 3, 60 адам)·         Мем.қызметшілер арасында қалалық спартакиада бағдарламасында пневм. вентовкадан ату бойынша қалалық турнир (ПБК, 15-20  адам)·         ПОДА мүгедектері арасында қалалық спартакиада бағдарламасында дартс бойынша қалалық турнир (БЖСМ тирі «Батыр», 20-25  адам) ·         ЖОО студенттері мен өндірістік ұжымдарының қалалық спартакиада бағдарламасында үстел теннисі  бойынша қалалық турнирі (ПМУ теннис залы, 60-70  адам) ·         Бокс бойынша «Спорт есірткіге қарсы» науқаны аясында аулалар клубтары арасында қалаллық турнир («Толағай» БЖК, 30-40  адам) ·         Оқытушы-ағартушы Ы.Алтынсариннің 175-жылдығына арналған  «Алтынсаринді оқиық» дауыстап оқу (БК №8, 30 адам)·         Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын мерекелеу аясында «Елім үшін!» дөңгелек үстелі(ПФ «Нұр Отан», 30 адам)·         «Ұлы дала ұландары» ат шеруі мен спорттық ойындар (Кенжекөл а/а МБО, 100 адам)·         А.С. Аймағамбетова КСРО СШ сыйлығына еркін күрес бойынша XІ халықаралық турнирі («Баянтау»СК, 15-20  адам) ·         Кекушинкай-каратэ бойынша  «Каратэ есірткіге қарсы» науқанында ер балалар мен қыздар арасында қала чемпионаты (орта мектептер спорт залдары, 60-70  адам) ·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған спорттық гимнастика бойынша қаланың ашық біріншілігі (БЖСМ № 4, 60-70  адам)

24-30

·         Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған «Отбасыда бір кісідей өмір сүреміз» дөңгелек үстелі (Павлодар а., 25 адам)·         ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара
 

Қараша – Индустриялық және инновациялық Қазақстан.

31-6 7-13

14-20

·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Қазақстанда жасалынған» жергілікті қолдауды дамыту мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер топтамасы  (100 адам)·         Кәсіпкерлермен өзара әрекет және қаржыландыруды  жұмылдыру саласында  ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық негізде: өсу, реформалар, даму» Жолдауында айтылған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел (50 адам)·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ұлдар арасында кіші-футбол бойынша қалааралық турнир ((«Нұр Отан» ПФ «Юность» манежі)·         2004-05 ж.т.ұлдар арасында «Күзгі демалыстар» сыйлығына кіші-футбол бойынша қалааралық турнир («Юность» манежі, 30-40 адам) ·         Қаланың ауыл аймағында қалалық спартакиада бағдарламасында қол күресі бойынша қалалық турнир («Қайсар» БЖК, 60-70 адам) ·         Гандбол бойынша оқушылар арасында қалалық біріншілік (БЖОРСМ № 2 15-20 адам) ·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған аула клубтары арасында кіші-футбол бойынша қалалық турнир  (Павлодар қ. клубтарының спорт алаңдары, клуб командалары) ·         Жабық ғимараттарда тау техникасы бойынша қаланың ашық чемпионаты («СЮТУР» БАК, 20-25 адам) ·         Ұл балалар арасында самбо бойынша қаланың ашық біріншілігі «Күзгі демалыстар» ( «Мир» күрес залы, 30-40 адам) ·         Халық композиторы, ақын-импровизатор Жарылғапберді Жұмабайұлының туылғанына 165 жыл (1851-1914) толуына орай әдеби-ән бағдарламасы(Қарттар мен мүгедектер үшін интернет) ·         Кәсіпкерлер үшін «Нұрлы жол – бизнестің жаңа бағдарлары» Жолдауының семинары (60 адам)·         Жұмыс тобының отырысы «2016 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуі бойынша жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын шаралар туралы»·         М.К. Цыцугиннің рухына бағышталған футзал бойынша қалалық турнир («Юность»  манежі,60-70 адам, мықтылардың жиналған командалары)·         Күзгі демалыс аясында «Күз коллажы» театрлық көрініс(«Колос»БМОО) ·         Басты байлық – денсаулық!»  (салауатты өмір салты туралы) –денсаулықтың көңілді сабағы (МБ № 10 Павлодар қ.) ·         «Суретшінің шығармашылық шеберханасы» кездесу-кеші(Павлодар суретшісі К.К. Баймульдиннің 70-жылдығына орай) (Орталық қалалық кітапхана) ·         «Жұлдызды әлем» әдеби кеші –(ақын Б.М. Қанапияновтың туғанына 65 ж.) (Павлодар қ., МБ № 15) ·         Сауда орталықтары мен жәрмеңке-сатылымдарда «Қазақстанда жасалғанды ал!» науқаны·         ҚР Президентінің жолдауы аясында ауыл кәсіпкерлігінің дамуы бойынша «Даму» қорының өкілдерімен ауыл тұрғындарының кездесуі (Ленин кенті, 80 адам)·         Ауыл шаруашылығы қызметкерлер Күніне «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесін қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы бойынша ауыл аймақтардың тұрғындарымен кездесу·         «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жетістігі» науқанының басталуы ( 500 адам) ·         Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында партиялық белсенділердің қатысуымен БПҰ-да іс-шаралардың өткізілуі («Нұр Отан» ПФ, 30 адам)

21-27

·         «Нұрсұлтан Назарбаев. Адам мен саясат портреті» ақпараттық сағаты (БК №2)·         «Еліміздің қалауы- Тәуелсіздік, Еліміздің Тірегі –Президент» көрме-портреті (БК №4)·         «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық» мемлекеттік бағдарламалдар аясында БАҚ-да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу·         Тәуелсіздіктің 25-жылдығы аясында партияға салтанатты қабылдау мен БПҰ-да партияшылдарға құрмет көрсету («Нұр Отан» ПФ, 30 адам)
 

Желтоқсан – Тәуелсіздік тарихы. Қазақстандық жол

28-4 5-11

12-18

·         ҚР Президент Күніне арналған мерекелік концерт (Естай ат. ҚМС,  800 адам)·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздік жылдарындағы азаматтық сектордың дамуы» дөңгелек үстел·         Бірінші Президент Күніне арналған  «Менің Президентім – Менің елім» тарих сағаты, (БК №8, 30 адам) ·         Сұрақтар мен жауаптар кеші «Жастар келешегі: оны Президент қалай көреді» (БК №5, 35 адам)·         Жастар дөңгелек үстелі «Мен өз елімнің патриотымын»·         Мерекелік патриоттық концерт «Біз тәулсізбіз- Бақыттымыз!» (Кенжекөл а/а МБО, 50 адам) ·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ұлттарды біріктірген ел», мерекелік бағдарламасы (Естай ат. ҚМС,  800 адам)·         Мемлекеттік марапаттар мен мейтойлық медалдармен марапаттау салтанаты·         Тәуелсіздік Күніне «Біз-сенің балаларыңбыз Қазақстан, бір жердің балалары» кітап көрмесі,·         әдеби-музыкалық ән, (БК №2, 40 адам) ·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен-тәуелсіздік», ақпарат сағаты (БК №8, 30 адам) ·         ЭКСПО-2017 дайындық аясында «Болашақ қуаты» дөңгелек үстелі

19-25

·         Аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім-балалар үшін жаңа жыл шыршасы (150 адам)·         ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған батутта секіру мен АКД бойынша ашық қалалық турнир (БЖСМ № 4, 50 адам)·         Мүгедек балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қайырымдылық ертеңгілігі (Павлодар а.  № 117 сәбилер балабақшасы, 30 адам)

16.09.2016. «Күз сыйы» сайыстық бағдарлама

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік орталығы» КММ-да «Күз сыйы» атты сайыс өткізілді. «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік орталығы» КММ  әкімшілігімен қызмет алушыларды мекеменің қоғамдық өміріне белсенді тарту және еңбек терапиясын өткізу үшін бак-бақшаға 12 сотка жер телімі бөлінді. Жаз бойы қызмет алушылар мен қызметкерлер бау-бақшада өсімдіктерді күтіп, суарды, арамшөптерден тазартып, зиянды жәндіктерді уландырды. Бір сөзбен айтқанда, бұл іске жанын салды. Бөлінген жер телімінде алты соткасына картоп салынса, екінші жартысына келесідей көкөністер егілді: қызанақ – 130 түп, баклажан – 60 түп, орамжапырақ – 60 түп, қияр – 60 түп, бұрыш – 60 түп, ақжелкен – 60 түп, базилик – 60 түп, сонымен қатар қызылша, сәбіз, аскөк, асқабақ, самсар, кәді, жүгері және шалғам салынды. Бүкіл жер телімінен келесідей өнім жинадық: картоп – 491 кг., кәді – 131 кг., аскөк – 122 кг., қызанақ – 87 кг., баялды – 78 кг., қияр – 77 кг, орамжапырақ – 58 кг., сәбіз – 21 кг., бұрыш – 20 кг., шалғам – 15 кг., қызылша – 8 кг., асқабақ – 3 кг., қауын – 3 кг., жасыл шөп – 5 кг. Барлық өнім массасы 1 119 кг. құрады. Өнім жинауды қорытындылау үшін «Күз сыйы» атты сайыстық бағдарлама өткізілді. Сайыстық бағдарлама үш бөлімнен: әр командадан бір шығармашылық номер, бау-бақшада егілген көкөністерден жасанды бұйымдар жасау, ер адамдар мен әйел адамдар арасында армреслинг секілді спорттық ойын мен уақытқа қарбызды жеу ойындарынан құралды. Әр командаға иеленген орындарына сәйкес сыйлықтар берілді, ал жарыстың жеке қатысушыларына атаулы сыйлықтар ұсынылды. 20160916_111321 20160916_114529 20160916_114257 20160916_113500 20160916_112713 20160916_112332

Медициналық-әлеуметтік мекемлер арасындағы Конституция кунине арналған тойлауы туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Шарбақты медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ базасында ведомстволық бағынысты мекемелердің қызмет алушыларымен Конституция күніне арналған» конкурсы өткізілді. Конкурсқа қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі  стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің шығармашылық ұжымдары, сонымен қатар психоневрологиялық  патологиясы бар мүгедектер, мүгедек балалар қатысты. Конкурс мына номинациялар бойынша өткізілді:
  1. Мәнерлеп оқудан үздік
  2. Ең үздік музыкалық номер
  3. Көрермендер көзайымы
  4. Ең үздік гүл композициясы
  5. Әуесқой-флористер
  6. Юниор флористер
Конкурстың мақсаттары және міндеттері: - Патриотизм сезімін, азаматшылдық, адамгершілікті қалыптастыру; - Отаны үшін мақтаныш пен патриотизмді тәрбиелеуге ықпал ету; - қамқорлықтағы адамдардың шығармашылық белсенділігін жоғарлату. 1 4 3 2  
This jQuery slider was created with the free EasyRotator for WordPress plugin from DWUser.com.

OK

© 2015. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫТехникалық қолдау сұрақтары бойынша: info@web14.kz
cайт құрастыру сұрақтары бойынша

Accessibility
cancel accessibility
Provided by: sogo logo
×