Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- Оралман мәртебесін беру немесе ұзарт;
- Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту.
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ. Нұрмағамбетовтың 08.01.2019 ж. №4-п бұйрығымен бекітілген Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Жауаптылар |
1 | Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қызметкерлердің шектеулерді қабылдау және табыстары мен мүліктерін туралы декларацияны уақытында тапсыруды қамтамасыз ету | Декларация тапсыру туралы анықтама | Жыл сайын 31 наурызға дейін және мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде | Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі, басқарманың бөлімідері |
2 | ҰҚК органдарында жаңа қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге арнайы тексерістен өтуді қамтамасыз ету | ҰҚКД сұрау салу | Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде | Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі |
3 | Мемлекеттік қызметшіні «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курстарына жіберу | Сертификат | Жылдың ішінде | Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі |
4 | Құқықтық сауаттылық бойынша жалпыға оқыту жүргізу | Хаттамалар | Жоспарға сәйкес | Ұйымдастыру-кадрлық және құқық-тық жұмыс бөлімі |
5 | Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, хаттары үшін пошталық жәшікті, «сенім телефоны» қызмет етудің оң тәжірибесін кеңейту | БАҚ-та жариялау, заңнамаға сәйкес өтініштерді тіркеу | БАҚ үшін -тоқсан сайын, өтініштерді тіркеу үшін - күн сайын | Ұйымдастыру-кадрлық және құқық-тық жұмыс бөлімі, ақпараттық-талдау бөлімі |
6 | Басқарманың әкімшілік ғимаратында шағымдар, пікірлер мен ұсыныстар салу үшін орнатылған арнайы пошта жәшіктерінде, «сенім телефоны» бойынша азаматтардан түскен шағымдары мен өтініштерінің талдауы арқылы сыбайлас жемқорлық көріністердің мониторингін жүргізу | Мониторинг | Тоқсан сайын | Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі |
7 | «Оралман мәртебесін беру», «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аймағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік жұмысшыны жұмысқа орналастыруға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін уақытында және сапалы көрсету | Куәлік, рұқсат беру | Үнемі | Көші-қон болімі, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімі |
8 | Әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтердің регламенттерін әзірлеу, бекіту | Облыс әкімдігінің қаулысы | Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде | Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі, басқарманың бөлімдері (компетенциямен) |
9 | Ақпаратты «Әділет» бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберу; қаулыларды Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында және басқарманың сайтында орналастыру. | Ақпарат | Аймақтық әділет орган-дарында облыс әкімдігінің қаулыларын мемлекеттік тіркеуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде | Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі |
10 | Сыбайлас жемқорлықтыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімін басқарма веб-сайтында жаңартып отыру | Басқарманың веб-сайтына ақпарат | Айына 1 реттен кем емес | Ақпараттық-талдау бөлімі, ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі, экономика, қаржылық есептілік және еңбекті нормалау бөлімі |
11 | Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен, «Нұр Отан» партиясымен өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға қатысу | Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне ақпарат | Өткізілуі бойынша | Басқарманың бөлімідері |
12 | Ведомстволық бағынысты мекемелердің бюджеттік қаражатын жұмсау бойынша ақпараттың айқындылығын қамтамасыз ету (басқарманың интернет ресурсында жариялау) | Тексеру нәтижелері бойынша басқарманың сайтына ақпараттарды жариялау | Ай сайын | Экономика, қаржылық есептілік және еңбекті нормалау бөлімі |
13 | Құжаттарды рәсімдеу және «Казначей-Клиент» бағдарламасын енгізу бойынша ведомствоға бағынысты ұйымдардың (мекемелердің) бас бухгалтерларымен семинар жүргізу, заңнаманы және бюджеттік жоспарлауды сақтау | Семинар-қенесі | Ай сайын | Экономика, қаржылық есептілік және еңбекті нормалау бөлімі |
14 | Мемлекеттік сатып алулар жүргізу мәселесі бойынша семинарға қатысу | Сертификат | Жыл бойы | Мемлекеттік сатып алу бөлімі,экономика, қаржылық есептілік және еңбекті нормалау бөлімі |
15 | «Электронды мемлекеттік сатып алулар жүргізу» тақырыбына басқарманың ведомстволық бағыныстағы мекемелердің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджерлерімен семинар жүргізу | Семинар | 2019 жылғы маусым | Мемлекеттік сатып алу бөлімі |
16 | Мемлекеттік сатып аулар рәсімдерін жүргізудің айқындылығын арттыру | Басқарманың сайтына ақпаратты орналастыру | Үнемі | Мемлекеттік сатып алу бөлімі |
17 | Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, міндеттерді тиісті орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туындаған кезде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету | Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен ынтымақтастық | Үнемі | Басқарманың бөлімдері |
18 | Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру | Дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер | Жыл бойы | Ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімі |
19 | «Оралман мәртебесін беру», «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін немесе корпоратиішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мониторинг жүргізу | Мониторинг | Тоқсан сайын | Көші-қон бөлімі, еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімі |
Сенім телефоны: 1424
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Осы жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерге жол бермеу және оның қызметкерлері арасында жемқорлық көріністерге атымен төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленген.- Қоғамдық қатынас саласының атауы: Павлодар облысының халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар баскармасы» мемлекеттік мекемесі.
- Қоғамдық қатынастардың жекеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары:
- Өзге де шектеулер мен тыйым салулар: