Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» № 3827 Жарлығына сәйкес қазанның соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекеленеді.
Осыған байланысты әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде ең үздік жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында ағымдағы жылы республикада алғаш рет «Әлеуметтік қорғау жүйесінің ең үздік қызметкері» атағын беру бойынша байқау (бұдан әрі – Байқау) өткізілді.
Байқау жеті номинация бойынша 2 айналыммен өткізілді: «Ең үздік әлеуметтік қызметкер», «Зейнетақы жүйесінің ең үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ең үздік қызметкері», «Жұмыспен қамту орталығының ең үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың ең үздік менеджер-ұйымдастырушысы», «Ең үздік МӘМ», «Ең үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым».
Бірінші айналым (іріктеу) ағымдағы жылдың 5 қазанынан 15 қазан аралығында Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен өткізілді. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша, конкурстық комиссия екінші іріктеу айналымына Павлодар облысынан мыналарды:
– «Жұмыспен қамту орталығының ең үздік қызметкері» номинациясы бойынша Шарбақты ауданы жұмыспен қамту орталығының қызметкері Екатерина Николаевна Терещенконы;
– «Ең үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша Мичурин ауылындағы облыстық психоневрологиялық мекемесінің әлеуметтік қызметкері Надежда Федоровна Юношеваны;
– «Ең үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ны;
– «Ең үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» номинациясы бойынша Екібастұз қаласының «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы» ҚБ-ны жіберуге шешім қабылданды.
Екінші айналым (соңғы) ағымдағы жылдың 15 қазанынан 20 қазанына дейін берілген өтінімдер қорытындысы бойынша өткізілді, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру қолжтеміділік ашық болды.
2016 жылдың 28 қазанында Астана қаласында салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
«Ең үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» номинациясында құрметті бірінші орынға Екібастұз қаласының «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы» ҚБ ие болды. Ұйым басшысы Светлана Иосифовна Качура ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Алғыс хатымен және ноутбукпен марапатталды.
«Ең үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясында құрметті екінші орынды «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету облыстық психоневрологиялық орталығы» КММ (Павлодар ауданының Мичурин ауылы) әлеуметтік жұмыс бойынша маман Надежда Федоровна Юношева алды.
«Ең үздік МӘМ» номинациясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің әлеуметтік-еңбек саласының дамуына үлес қосқаны, мінсіз және адал еңбегі үшін Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ Алғыс хатпен марапатталды.