Қызмет түрі: Қамқорлыққа алынғандарға үй жағдайларына жақындатылған қолайлы тұрмыс жағдайларын жасау, кемсітушіліктің барлық нысандарынан қорғау, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, балағаттаудан, қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың тұлғалық даму деңгейін арттыруға бағытталған, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді стационар жағдайында белгіленген стандарттар көлемімен ұсынылады.
Басшы
Қалижанова Гульвиза Қасымжанқызы 1984 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық инситутының «тарих және география» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Ертіс аудандық мәдениет үйінің әдістеме кабинетінің меңгерушісі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КҚММ «Жігер» БЖК әдіскері, Ертіс қарттар мен мүгедектерге арналған интернаттың әлеуметтік қызмет жөніндегі маманы.
2014 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, бүгінгі күнге дейін «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ертіс арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры.