Павлодар облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 − 2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асыру бойынша ақпараты
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсіптік білім берумен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) еңбек нарығында талап етілетін кәсіптері және Бағдарламаның 2529 қатысушысының дағыдылары бойынша қысқа мерзімді оқыту жоспарлануда. Осы мақсаттарға 740,0 млн. теңге қарастырылды. Оқуға 2729 адам (107,9 %) кірісті. 1356 адам оқу бітірді, соның ішінде 1053 адам жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылғы 1 қырқүйектен бастап техникалық және кәсіптік оқуына 1035 адам кірісті (жоспар - 1035). Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) кәсіпкерліктің негіздерін оқуына 2698 адам жіберілді (жоспар – 2525). Содан басқа, «Жас Кәсіпкер» жоба бойынша қосымша 851 адам оқуға жіберілді (жоспар – 800). Шағын несиені 2519,3 млн. теңге жалпы сомасына 538 адам алды. 100 АЕК дейін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды 623 адам алды, 200 АЕК дейін – 796 адам алды. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 1272 адам орнына 1511 жұмыссыз жұмысқа орналасты (118,8%), соның ішінде Бағдарлама бойынша 793 адам (бағдарлама бойынша жоспар 538 адам). Жастар практикасына жоспарланған 742 адам орнына 849 оқу бітірушілер үшін ұйымдастырылды (114,4%), соның ішінде бағдарлама бойынша 741 адам (бағдарлама бойынша жоспар - 610). Қоғамдық жұмыстарға 3240 жоспарланса, 3510 жұмыссыз (108,3%) қатысты. Мемлекеттік, үкіметтік және басқа бағдарламалар жобаларына 776 жоспарланса 747 адам орналастырылды. Бос жұмыс орындарына 16716 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар – 14321). Өңірлік еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында 2019 жылы Бағдарлама шеңберінде Павлодар облысы оралмандардың 550 адам (115 отбасын), қоныс аударушылардың 2925 адам (628 отбасын) еліміздің жұмыс күші көп өңірлерінен қабылдау жоспарлануда. 2019 жылы 1 желтоқсан жағдайы бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына этникалық қазақтар санына 550 адам (112 отбасы) енгізілді. Жұмыс күші көп өңірлерден 2907 адам (586 отбасы) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді.