• Басты бет
  • Басқарма туралы
    • Ереже
    • Басшылық
    • Байланыстар
    • Экономика
  • Нәтижелі жұмыспен
    қамтуды және жаппай
    кәсіпкерлікті дамытудың
    бағдарламасы
    • Бағдарламаны іске асыру
    • Сәтті мысалдар
    • Нормативтік-құқықтық база
    • Халықты жұмыспен қамту орталықтары
    • ЖҚ2020ЖК
      • ЖҚЖК іске асыру
      • Сәтті мысалдар
  • Халықты әлеуметтік қорғау
    • Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау
    • Мүгедектер мен ардагерлерді қолдау
    • Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қолдау
    • ӨРЛЕУ
    • Қамқорлық
  • Жұмысқа орналастыру
    • Павлодар облысы бойынша бос жұмыс орындары
    • халықты жұмыспен қамту картасы
    • Кәсіптік оқыту
  • Басқарма басшысының блогы
  • Қаз
  • Рус
Герб РК Герб Павлодарской области Логотип управления ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ
  • Басты бет
  • Басқарма туралы
    • Ереже
    • Басшылық
    • Байланыстар
    • Экономика
  • Нәтижелі жұмыспен
    қамтуды және жаппай
    кәсіпкерлікті дамытудың
    бағдарламасы
    • Бағдарламаны іске асыру
    • Сәтті мысалдар
    • Нормативтік-құқықтық база
    • Халықты жұмыспен қамту орталықтары
    • ЖҚ2020ЖК
      • ЖҚЖК іске асыру
      • Сәтті мысалдар
  • Халықты әлеуметтік қорғау
    • Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау
    • Мүгедектер мен ардагерлерді қолдау
    • Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қолдау
    • ӨРЛЕУ
    • Қамқорлық
  • Жұмысқа орналастыру
    • Павлодар облысы бойынша бос жұмыс орындары
    • халықты жұмыспен қамту картасы
    • Кәсіптік оқыту
  • Басқарма басшысының блогы

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ

Мемлекеттiк рәмiздер

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Мемлекеттік қызмет
    • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндама
    • Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат
    • Мемлекеттік қызмет туралы заңнама
    • Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізімі
    • Тестілеу бағдарламалары
  • Мемлекеттік қызметтер
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары
    • Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобалары
    • Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері
    • Мемлекеттік қызметтердің төлқұжаттары
    • Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есептер
    • Бизнес-процестерінің анықтамасы
    • Кеңес алуға арналған байланыс деректері
    • Бұқаралық талқылау
  • “Облыстық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі” КММ
  • Павлодар облысының бос орындары
  • Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметі
    • «Шалдай психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Ардагерлер үйі” қарттар мен мүгедектерді оңалтудың облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ
    • «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
    • «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету облыстық психоневрологиялық орталығы» КММ
    • Өзекті ақпарат
  • Қалалар, аудандар
    • Халықты жұмыспен қамту орталықтары
    • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
      • Халықты әлеуметтік қорғау
  • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Инфографика
    • Халықты жұмыспен қамту
    • Халық көші — қоны
  • Павлодар облысының 80-жылдығы
  • Арнайы бөлім








Жарияланымдар күнтізбесі

Желтоқсан (2019)
M T W T F S S
« Nov    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  

Сіздің ойыңызша біздің сайт қандай?

Loading ... Loading ...

Мүгедектер мен ардагерлерді қолдау

Павлодар облысының 80-жылдығы мен Жеңіс күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар облысының 80-жылдығы мен Жеңіс күнін мерекелеу аясында «Барс» мейрамханасында еңбек ардагерлеріне, тыл еңбекшілеріне және 80 жастағы қарттарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп «Үміт Үзбеу» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты - егде жастағы адамдарға Павлодар облысын дамытуға қосқан үлесі, бейбіт өмір үшін құрмет көрсетіп, алғыс айту, жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, өйткені егде жастағы адамдарды құрметтеу және оларға қамқорлық жасау - ұрпақтардың бірігуі үшін берік негіз болып табылады. Біздің міндетіміз - еліміздің дамуына және бейбітшілікті сақтауға зор үлесін қосқан ардагерлер мен қарт адамдарға қамқорлық жасау. Бұл іс-шараның өткізілуі ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне және қарт адамдарға ерекше назар аудару және қамқорлық көрсетудің белгісін білдіреді. Шақырылған қонақтардың барлығы жақсы көңіл-күйде болды және жақсы әсер алып қайтты. Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге қорға әрдайым көмек көрсететін, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға және т.б. қуаныш сыйлатын, «Үміт Үзбеу» қоғамдық қорының тұрақты әріптестері қатысты. Концерттік бағдарламаны Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының әртістері көрсетті. Әдемі раушан гүлдерді «Голландский цветочник» дүкендер желісі ұсынды, мерекелік агенттік шарлар мен фотоаймақпен, сусын мен дәмді сияпатпен «ҚамқорАвто» ЖШС  қызметкерлері,  Барс мейрамханасы, «Крендель» ЖШС,  Экспресс - Пиццерия, «Хлебный двор» ЖШС, жеке тұлғалар қамтамасыз етті.  Қонақтарға қызмет көрсетуге еріктілер тартылды.     
Ерекше адамдар үшін – ерекше Наурыз «Үміт Үзбеу» Қоғамдық қорында Наурыз Мейрамы ұлы күні қайырымдылық іс-шарамен басталды. Мүмкіндіктері шектеулі 180 адам, оның ішінде балалар Наурыздың мерекелік атмосферасына батты. Жастардың бастамаларын дамыту орталығының, «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қолдауымен мерекелік бағдарлама және қайырымдылық түскі ас Ломов 38 көшесінде өтті. Наурыз мейрамының демеушілері мен серіктестері – NFC Қытай құрылыс компаниясы, Екатерина Горостовскаяның компаниясы, KFC мейрамхана желілері, «Сладовница» тәтті тағамдар сататын дүкені, Экспресс пицерриясы, Інжу мейрамханасы, КДВ Казахстан, Панорама мейрамханасы, Айгерим фирмасы, Мәшһүр Жүсіп мешіті, Бинго Плюс, «Аделан Трейд» ЖШС, «Пахомовские мельницы», Фирма Дан ЖШС, «Қамқор Авто», Ломбард пегас люкс, «Северинова С.В.» ЖК, «Лига ВМ» ЖШС Компаниясы, «Босфор» мейрамханасы. Мерекелік дастархан табысы аз отбасылар, жалғыз қарт адамдар, мүмкіншіліктері шектеулі адамдар үшін жайылған. Көктем мейрамы Наурыз мейрамымен және мерекелік бағдарламамен құттықтаған: ALLEGRIA эстрадалық спорттық би ансамблі, «Самал» орталығының шығармашылық дарынды жастары, «Замандас» Ардагерлер үйінен Иманова Шолпан Аркадьевна, «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектері үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МӘМ-нен Рябинушка ансамблі. Ал мүмкіндіктері шектеулі және табысы аз отбасылардағы балалар үшін балалық бағдарламаны «14 Легион» ҚБ «Іздестіру-гуманитарлық отряд ұйымдастырды. Балаларға арналған бағдарлама мазмұнды, қаныққан болды. Клоундар және өрмекші адам өз бағдарламамен көңіл көтерді, ал Дима Слепнев болса сабынды көпіршіктерімен барлық балаларды таң қалдырды. Дәстүр бойынша Наурыз көже басты мерекелік тағам болды. Бұл дәстүрлі тағам берекенің символы және рецепт құрамына нақты 7 таңдаулы ингредиент кіреді. Руслан Турсунханов ұйымдастырушы болып бастаған Павлодарское ауылының еріктілерімен дайындалған ғажайып дәмді палауы қара мейіз қосылуымен арнайы рецептпен дайындалғанымен ерекшеленді. Мереке жалпы жақсы өтті. Мүмкіншіліктері шектеулі азаматтардың өмірінде мейрамдар мүлдем болмайды деуге болады. Қуаныш сыйлау үшін көп керек емес, тек тамшы жылылық пен мейірімділік танытсаңыз болады. Ол мүгедектердің қоғамға деген әлеуметтік интеграциялауына көмектеседі. Егер барлығымыз әлеуметтік жаупкершілік принципі бойынша жүрсек, барлығымыз адамдардың хабардар болушылықты арттыра аламыз, және мүгедектердің қоғамға деген әлеуметтік интеграциялауымен байланысты маңызды мәселелердің шешілуіне жәрдем бере аламыз. Және барлықтарға қалыпты және өмірге төзімді қоғамды қамтамасыз ете аламыз. Осы тәріздес кездесулер дәстүрге айналып, әркездегідей жиналғандарға жақсы көңіл күй мен ұнамды эмоциялар қалдырады. Ол өз кезегінде мүгедектері бар отбасыларға және мүмкіндіктері шектеулі адамдарының өздеріне өте маңызды, жәнесәтті оңалтуыныңкомпоненттерінің бірі болып саналады.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІН АРЫ ҚАРАЙ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ КОНЦЕПЦИЯСЫ. Мүгедектер - спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушылары Екібастұзда мүгедектер арасында белсенді өмір салтын дәріптеу мақсатында Павлодар облыстық ерікті мүгедектер қоғамының (Четвериков Г.М.) көмегі мен бастамасымен үстел теннисі, дойбы және тоғыз-құмалақтан жарыс өткізілді. Жарысқа 80 адам қатысты, оның ішінде есту, көру бойынша, және тірек-қозғалыс аппаратының бұзылысы бар мүгедектер бар. Қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз қалған жоқ: грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен мараппаталды. 11111   «Ақ таяқ» қозғалысы -мүмкіндігі шектеулі адамдардың жетістігінің символы   «Ақ таяқ» қозғалысы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жетістігінің, өзін іс жүзінде көрсетудің символы болып табылады. Адам өзінің физикалық мәртебесіне бейімделіп, қоғамда өмір сүруге қайта оралып, ішкі ерекше мүмкіндігін белсендіре алғанда ол басқа адамдарға әрекетсіздік ұстанымнан бас тартуға, өзін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндіктер табуға көмек көрсетуге тырысады. Осы қасиеттер Павлодар облысының  Қазақ  соқырлар  қоғамының барлық мүшелеріне тән: олар бір-біріне қамқор болып, орындаушылар арасындағы шығармашылық конкурстарда, макроме тоқу бойынша жеңімпаздар болып табылады, спорт жарыстарына  қатысады, колледждер мен  ЖОО-да білім алады. Осы күндері  Павлодар, Ақсу қалаларында «Ақ таяқ» күніне арналған  іс-шаралар өткізілді, соларға 200-ден астам көру қабілеті бойынша мүгедек адам қатысты. 5 4 3 2 1
  Дөңгелек үстел отырысына қатысу   2016 жылғы 16 қарашада жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Отырыста мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, қосымша техникалық (өтемдеуші) құралдармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.  image-17-11-16-13-19-3
  Ауғанстан соғысына, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға катысушылардың қоғамдық ұйымдары өкілдерінің  2016 жылғы 26  қазанда  мемлекеттік органдар өкілдерімен  кездесуі өтті. Кездесу барысында санаторий-курорттық емдеу, әлеуметтік төлемдер мөлшерлері,  қаза тапқандықтарды мәңгі есте сақтау, мемлекеттік тапсырыстарға  қатысу және т.б. мәселелер  қаралды және оларды шешу жолдары белгіленді. 3333 2222  
  Медиация әлеуметтік мәселелерді шешу құралы 2016 жылғы 26 қазанда Павлодар қаласында «Медиация институтын әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтауға қолдану» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дау-шарды реттеу рәсімі. Жобаның міндеті азаматтардың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғаларға құқықтық көмек көрсету, кейбір әлеуметтік мәселелерді, даулар мен келіспеушіліктерді медиатор мүмкіндіктерін қолдану арқылы реттеу болып табылады. Медиаторлардың азаматтарды қабылдауы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, 1 Май көшесі, 189 үй офис №4 қабылдайды. Байланыс тел. 87015125345, 87018714170; Мекен жай: 1 Май көшесі, 35/1 үй офис №109, сенбі күні сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін аралығында қабылдайды (Достық үйі). Жедел желінің телефоны 87182328174. 1111  
  Мүгедектігі бар азаматтарға арналған хабар «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту»  № 754 қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) ескірген сурдо-тифлотехникалық құралдарды қазіргі көп функцианалды электронды гаджеттерге ауыстыруды қоса, Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе)[1] өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы өзгерістер 2017 жылжы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) тиісті өзгерістерді енгізгеннен кейін ғана мүгедектерді оңалтудың жаңа техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз ету мүмкін. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы, соның ішінде мерзімсіз ОЖБ болған жағдайда тұрғылықты мекенжайы бойынша МӘС бөліміне мүгедек өтініш білдіргенде осы іс-шараларды жүзеге асыру мерзімін ескере отырып, Тізбемен өзгерістер қарастырылған іс-шараларға МӘС бөлімінің мамандарымен ОЖБ-ға қажетті түзетулер енгізіледі.
Қолданыстағы редакция                                                               (2005 ж. 20.07. №754 ҚРҮҚ) 2017 ж. 01.01. редакциясы  («Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы23 желтоқсандағы № 1036 қаулысы ".)
1 Сурдотехникалық құралдар/Сурдотехнические средства Сурдотехникалық құралдар/Сурдотехнические средства
бейнекомпьютер/ видеокомпьютер веб-камерасы бар ноутбук/ ноутбук с веб-камерой
телефакс/ телефакс  
2 Тифлотехникалық құралдар/Тифлотехнические средства Тифлотехникалық құралдар/Тифлотехнические средства
таяқ/трость тифлотаяқ/тифлотрость
тифломагнитола/тифломагнитола  
компьютерлік  тифлокешен/компьютерный тифлокомплекс сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук/ноутбук с программным обеспечением экранного доступа с синтезом речи
диктофон/диктофон дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар/телефоны мобильные со звуковым сообщением и диктофоном

Оқу құнын ішінара өтеу үшін мүгедек студенттерге ескертілген біржолғы көмекті қалай алуға болады? Қандай құжаттар жинағы талап етіледі және оларды қайда тапсыру керек? Жауап: Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы «Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес өндірістегі жұмыста мертіккен немесе жарақат алған мүгедектерден басқа, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ республиканың жоғары, кәсіптік және техникалық оқу орындарында оқытуға жатқызылатын бала жасынан мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес (бұдан әрі - ОЖБ) бір оқу жылына жоғары оқу орындарындағы оқуына ішінара ақы төлеу үшін – 50 ең төменгі есептік көрсеткіштен кем емес (99100 теңге), кәсіптік және техникалық оқу орындарында – 27 ең төменгі есептік көрсеткіштен (53514 теңге) кем емес біржолғы материалдық көмек қарастырылған. Осы көмек түрін алу үшін Сізге білім алу туралы ұсынысы бар ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама органдарына өтініш білдіру керек. ОЖБ-дан басқа құжаттар жинағына келесі құжаттар кіреді:
  • 1.Зейнетақы есеп шоты көрсетілген мүгедектің өтініші;
  • 2.Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • 3.Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • 4.Мүгедекті оқытуға жоғары, кәсіптік және техникалық оқу орнымен екіжақты шарттың көшірмесі;
  • 5.Мүгедектік туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
  • 6.Тұратын жерінен анықтама;
  • 7.Ағымдағы жылы 11 сыныпты аяқтағандар үшін Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша сертификаттың көшірмесі, немесе абитуриенттың кешенді тестілеу бойынша сертификатының көшірмесі;
  • 8.Оқу орнынан келесі курсқа ауыстырылғаны туралы анықтама (оқуды жалғастыратындар үшін).

Мүгедек адамға арнаулы жылжу құралдарын (бөлмелік және серуендеуге арналған кресло-арбалар), көру қабілеті бойынша мүгедектерге арналған тифлотехникалық құралдарды, есту қабілеті бойынша мүгедектерге арналған сурдотехникалық құралдарды, оңалтуға арналған протездік-ортопедиялық құралдарды және санаторий-курорттық емдеуді қалай алуға болады?

Жауап: Мүгедектерге осы оңалту құралдары мен қызметтер тұрғылықты жері бойынша дәрігерлік-консультативтік комиссиялардың қорытындылары негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама органдары әзірлеген оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде беріледі. Осы құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 26 бұйрығымен бекітілген.

Осы құралдарды қалай және қайдан алуға болады?

Жауап: Оңалтудың жеке бағдарламаларында медициналық-әлеуметтік сараптама органдарымен оңалтудың тифло-сурдо құралдары, арнаулы жылжу құралдары және т.б. ұсынылған мүгедектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш пен қажетті құжаттар жинағын тапсырады.

Мүгедектік тобын қалай белгілеуге немесе ұзартуға болады?

Жауап: Мүгедектік тобын белгілеу немесе ұзарту үшін Сіз Ленин көшесі, 59 мекенжайында орналасқан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне өтініш білдіруіңіз керек (317 кабинет, тел.32-57-50).

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тарту шарттары қай нормативтік-құқықтық актімен реттеледі?

Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларымен және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарымен.      

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың назарына

        «Даму» қоры«Казкоммерцбанк» АҚ-мен бірлесе отырып, кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған«Жұлдыздарға қара» қайырымдылық жобасының басталғандығын хабарлайды. Гранттар мүгедек кәсіпкерлерге жеке бизнесін дамыту үшін беріледі және  тауарлар немесе қызметтерді сатып алу үшін қажетті соманы Жеткізушінің шотына  аудару арқылы жүзеге асырылады. Гранттың ең жоғарғы сомасы 300 000 теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі: 2016 жылғы маусымның 1-нен қыркүйектің 1-не дейін. Өтінімдерді тапсыру мерзімі: 2016 жылғы маусымның 1-нен шілденің 1-не дейін. Гранттарды беру мерзімі: 2016 жылғы тамыздың 8-нен 31-не дейін. 18 жасқа толған және одан жасы үлкен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, мүгедектік тобы бар (туа біткен немесе алынған), белсенді өмір ұстанымы бар және өз дағдыларын, білімін, тәжірибесін өзінің жеке мақсатында және қоғам мен өз отбасында кәсіби жүзеге асыруда қолдануға тырысатын кәсіпкер қатысушы бола алады. Жобаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: – толтырылған сауалнама; – бизнес-жоспар; – жеке куәлігінің көшірмесі; – некеге тұру куәлігінің көшірмесі (некеде болса); – жарамды мерзімі бар МӘС (медициналық-әлеуметтік сараптама) анықтамасы; – жеке кәсіпкердің (ЖК) тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі; – өмірбаяны. Барлық сұрақтарыңыз бойынша келесі телефондарға хабарласыңыздар: 87182 208 359, 703 809. Қосымша ақпаратты http://www.damu-komek.kz/1108 сайтынан алуға болады.
     

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың назарына

    "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығы    Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандарты
This jQuery slider was created with the free EasyRotator for WordPress plugin from DWUser.com.

OK

© 2019. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ


Техникалық қолдау сұрақтары бойынша: info@web14.kz
cайт құрастыру сұрақтары бойынша

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Барлық болдырмау
×