Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Павлодар облысы елдің жұмыс күші тапшы өңірлерінің бірі болып анықталды. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Павлодар облысына 2018 жылы елдің жұмыс күші артық өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бөлінді. Өңірлік квота шеңберінде облысқа 1600 адам қоныс аударды. Облысқа көшіп келген адамдардың жалпы санынан 809 – еңбекке қабілетті жастағылар, 751 – бала, 40 – зейнеткер. Қоныс аударушылардың 83%-ы облыстың ауылдық аймақтарына орналасты. Еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударған азаматтар өздеріне бар мамандықтар бойынша білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс тапты. Орналастыру орындарында мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, әлеуметтік мекеме объектілері, жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындары бар. Нақты қызықтыратын мәселелер бойынша келесі тел: 8/718/2-903-148, 903-164, 8 705 408 37 77, 8 747 702 45 43 немесе Астана көшесі, 59, 202 каб. мекенжайына хабарласа аласыздар.2016 жыл 10 масымға дейінгі Оралмандар туралы кейбір мәлімет
2016 жылдың 1 қаңтарынан 10 маусымға дейін 84 отбасы немесе 206 этникалық қазақ көшіп келіп оралман мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстаннан 49 отбасы 107адам, Монголиядан-15 отбасы 48 адам; Ресейден-6 отбасы 9 адам, ҚХР -14 отбасы 42 адам. Олардан 122 адам еңбек жасындағылар, 71 балалар, 13 зейнеткерлер. Еңбек жасындағы оралмандардың 21 жоғары білімді, 34 арнайы орта білімді, 65 орта білімді, 2 –білім жоқ. Білім саласының қызметкерлері-16, медиктер-8, басқа маман иелері-98; Еңбек жасындағылардың 52 тұрақты жұмыста, 30 адам өзін-өзі қамтамасыз етсе, 30 адам жұмыссыз. Оралмандар қоныстанған жерлерде мектеп жасындағы балалары мектепке қамтылып, жергілікті жерлерге тезірек бейімделулеріне жан-жақты көмек көрсетіліп, әлеуметтік жәрдемақылар және зейнетақылар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес төленуде.Оралмандар туралы кейбір мәлімет
1991 жылдан 2015 жылдың 1 қаңтары аралығында Павлодар облысына 7347 оралман отбасы немесе 31900 адам қоныс аударып келді. Бұл облыс тұрғындардың ( 756,5 мың) 4,2% құрайды. Оралмандардың дені 47,1% Моңғолиядан, 37% Өзбекстаннан, 15,6% Ресейден және 0,3% басқа елден келгендер. Оралмандардың көпшілігі 63,8% Павлодар (28%), Екібастұз (20%), және Аксу (15,8% ) қалаларына қоныстанды. Қоныс аударушылардың 16055 адамы (50,4%) еңбек жасындағылар, 14627 (45,8%) балалар, 12180 (3,8%) зейнеткерлер. Еңбек жасындағы оралмандардың 12% жоғары, 16% арнайы орта, 48% орта, 24% бастауыш білімді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан 29 мамырға дейін Павлодар облысына 37 отбасы немесе 86 этникалық қазақ келіп оралман мәртебесін алды. Жаңадан қоныс аударып келгендердің 78,9% Павлодар (19,7%), Екібастұз (47,6 %) және Ақсу (11,6%) қалаларына қоныстанды. Олардың 47 адамы еңбек жасындағылар, 5 зейнеткер, 37 балалар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі №783 қаулысымен Павлодар облысы оралмандарды қоныстандыру өңірі болып айқындалды. Оралмандар ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында көрсетілген барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады. Көшіп келген этникалық қазақтарға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» заңына сәйкес құжаттарын аудару, жұмыспен қамтылуға ықпал жасау, мамандыққа даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру сияқты ақпараттық және анықтамалық қызметтер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №164 «2016 жылға арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» бұйрығы Видеоматериалдар: Успен ауданы